Сейсмикаға төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру орталығы

Орталық 2010 жылы сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы жұмыстарды үйлестіру үшін құрылды.

Орталық 4 зертханадан және 10 сектордан, штат 55 адамнан тұрады, 9 адамның ғылыми дәржесі бар.

   

Орталық директоры

Алдахов Еркен Серікұлы

Мекенжайы: 050046, Алматы қ., Солодовников көш., 21

1-ші қабат, Кабинет нөмірі 1

Тел: 8(727) 392-74-93

   

 Орталықпен орындалатын жұмыстардың тізімі:

  • Ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының эксперименталдық және теориялық зерттеулері (статикалық және вибродинамикалық сынаулар).
  • Жер сілкіністерінің, техногенді зілзалалар мен  апаттардың салдарлары бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жедел тексеру.
  • Құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін ғимараттар мен құрылыстарды күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеу отырып тексеру және бағалау.
  • Ғимараттардың есептері және ғимараттар мен құрылыстардың жаңа конструктивтік шешімдерін әзірлеу.
  • Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру.
  • Жоғары қабатты объектілерді, сондай-ақ сейсмикалығы 9 және одан да аса алаңдарда орналасқан объектілерді жобалауға Техникалық Шарттар әзірлеу.
  • Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысады.

 

 Техникалық қорытындыларды беруге арналған өтініштердің үлгілері:

 Пәтердің орындалған қайта жоспарлауы жөніндегі қорытынды

 Тұрғын үйдің техникалық жай-күйі туралы қорытынды

 Тұрғын үйге жапсарлас құрылыстың техникалық жай-күйі туралы қорытынды

 Пәтерді қайта жоспарлау мүмкіндігі туралы қорытынды

 Тұрғын емес үй-жайдың орындалған қайта жоспарлауы жөніндегі қорытынды

 Тұрғын емес үй-жайды қай жоспарлау мүмкіндігі туралы қорытынды

 Қолданыстағы ғимаратқа жапсарлас құрылыс орналастыру жөніндегі қорытынды

 Саяжай үйінің техникалық жай-күйі туралы қорытынды

 Ғимараттың техникалық жай-күйі туралы қорытынды (заңды тұлғалар үшін)

 

Орталықпен орындалатын жұмыстардың түрлері:

Ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының эксперименталдық және теориялық зерттеулері (статикалық және вибродинамикалық сынаулар).

Жер сілкіністерінің, техногенді зілзалалар мен  апаттардың салдарлары бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жедел тексеру.

Құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін тексеру және бағалау. Ғимараттарды күшейту ұсыныстары мен жобаларын әзірлеу.

Ғимараттардың есептері және ғимараттар мен құрылыстардың жаңа конструктивтік шешімдерін әзірлеу.

Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру.

Жоғары қабатты объектілерді, сондай-ақ сейсмикалығы 9 және одан да аса алаңдарда орналасқан объектілерді жобалауға Техникалық Шарттар әзірлеу.

Сейсмикалық әсерлер кезіндегі топырақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың тербелістерінің аспаптық жазбалары.

 

БИІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ НАТУРАЛЫҚ ВИБРОДИНАМИКАЛЫҚ СЫНАУЛАРЫ

Бүгінгі күні «ҚазҚСҒЗИ» АҚ СҒҚТО мамандарымен Алматы, Шымкент және Қапшағай қалаларында салынған ғимараттардың 17 натуралық вибродинамикалық сынаулары өткізілд

14-қабатты тұрғын үй кешені

«Мегатауэрс» 26-қабатты тұрғын үй кешені

30 этажный офисный комплекс «Нурлы-Тау»

«Столичный центр» 21-қабатты тұрғын үй кешені

 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР

2005 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде, эксперименталдық стендте 60-тан астам эксперименталдық вибродинамикалық сынаулар орындалды:

  • тірек емес қоршау қабырғалық конструкциялардың және қалқандардың фрагменттеріне;
  • «Алюкотте», «Табиғи тас», «Керамикалық табиғи тақта» қасбеттік элементтері бар «Алюгал» қасбеттік жүйелеріне;
  • тас және керамикалық тақталары бар «СИАЛ» аспалы қасбеттік жүйелеріне;
  • жергілікті материалдардан (саман), газды бетон блоктардан, финблоктардан жасалған тірек конструкцияларға;
  • хризотилцементті тақтайлардан жасалған аспалы қасбеттерге;
  • KMEWжапон компаниясынан шыққан фиброцементті панельдерге және тағы да басқаларына
VIMA-SBF аспалы сэндвич панельдері Қасбеттік жүйелер және витраждар

«Creaton-tonality»  қасбеттік жүйелер

Барлық эксперименталдық зерттеулер екіқабатты болат қаңқалы тор түріндегі арнайы эксперименталдық стендте орындалды. Эксперименталдық стенд

Эксперименталдық стенд, 2004 жылы салынған және жоспардағы өлшемдері 6,0×6,0 метрді, ал биіктігі  6,6 метрді құрайтын қаңқалы құрылыс болып табылады және мыналардан тұрады:

  • қорап қимасындағы (2Гн[280×140×8) 4 бұрышты бағаналар (К-1);
  • Р1 қос таврлы қимасындағы жабын және төменгі қабат ригельдері (сөресі 2-120×8, қабырғасы 300×5);
  • Р2 қос таврлы қимасындағы аралық қабат ригельдері (сөресі 2-120×12, қабырғасы 340×8);
  • фрагменттің сыртқы контурында орналасқан СП қос таврлы қимасындағы аралық тіреуіштер (сөресі 2-120×10, қабырғасы 200×5).

Тәжірибелік фрагменттің конструктивтік элементтері С345 таңбалы болаттан әзірленген.

Жабындар – арматуралық өнімдер арқылы қаңқа ригельдерімен біріктірілген қалыңдығы 150 мм монолитті темірбетон тақталар. Жабынның деңгейінде, 6,6 метр белгісінде, тақтаның қалыңдығы 200 мм болған.