Құрылыстағы нормалау орталық «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей өндіріс жөніндегі басқарушы директорға бағынады.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты:
- Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауды және құрылыстың нормативтік базасын әрі қарай жетілдіруді іске асыруға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қайта әзірлеу болып табылады;
- құрылыс саласындағы техникалық нормалауды дамытудың негізгі бағыттарына талдау жасау;
- «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құзыретіне кіретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау;
- техникалық қызмет көрсету және еуропалық стандарттарға сәйкес келетін объектілерді жобалау және құрылысын салудың еуропалық нормаларын (Еурокодтарды) енгізуді сүйемелдеу;
- құрылыс саласындағы техникалық реттеу мәселелерінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша өкілетті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысымен бекітілген «2014-2015 жылдарға арналған құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдамаға» сәйкес, сондай-ақ жұмыстар жоспарына сәйкес, Орталық қазіргі уақытта мыналарды іске асырып жатыр:
- нормативтік базаны реформалау бойынша жұмыстардың кезекті сатысын орындау бойынша іс-шараларды іске асыру;
- реформалауды іске асыру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін ұсыныстарды даярлау;
- еуропалық стандарттармен үйлестірілген ҚР СТ EN (ISO) жобаларын қарастыру бойынша жұмыстарға қатысу;
- ҚР құрылыс саласының жаңа нормативтік базасының 453 НТҚ басып шығаруға және таратуға дайындау;
- құрылыс нарығының субъектілеріне түсіндіру және кеңес беру көмегін көрсету бойынша тұрақты негізде ҚР ҰЭМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмаларын орындау;
- ҚР ҰЭМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жаңадан шығарылған бұйрықтарын тіркеу, сондай-ақ осы бұйрықтарға сәйкес қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар;
- өңірлік, сондай-ақ халықаралық ауқымдағы отырыстарға және конференцияларға қатысу.
- кадрлық құрамның біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру.
Орталық 77 «Құрылыс саласындағы нормалау» Стандарттау жөніндегі техникалық комитет қызметінің шеңберінде жұмыстар жүргізу бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның негізгі бөлімшесі болып табылады.
Байланысу жолдары:
Алматы қ., Солодовников көш., 21.
Тел/факс: 8 (727) 392 75 50
Ереже, Ереже - АГС ақпараттық жүйесі
____________________________________________________________
Құрылыс өндірісі ҚР ҚБҚ бірінші редакциясы.
Тазартуға арналған құрылыстарды жобалау ҚР ЕЖ бірінші редакциясы